Ұлыбританиялық промоутер Эдди Херн Карл Фроч пен қазақстандық Геннадий Головкиннің арасындағы жекпе-жектің өту мүмкіндігін екіге бөлді, - деп хабарлайды Vesti.kz Vringe.com басылымына сілтеме жасап.
Ұлыбританиялық промоутер Эдди Херн Карл Фроч пен қазақстандық Геннадий Головкиннің арасындағы жекпе-жектің өту мүмкіндігін екіге бөлді, - деп хабарлайды Vesti.kz Vringe.com басылымына сілтеме жасап.
"Фроч пен Головкин арасындағы жекпе-жекті қуана көрер едім. Тек Карлдың досы ретінде ғана... Сонымен қатар, Фроч бұл кездесуді өткізуге құлшынып отыр, себебі оның басы істемейді", - деді Херн Boxingscene басылымына берген сұхбатында.
"Карлды Головкинмен жекпе-жек өткізетіндердің тізімінен шығарып тастауға болмайды. Ол орта салмақта нағыз чемпион және Головкинге қарағанда үлкен. Головкин де ауыр соққыларымен ерекшеленетін спортшы. Олардың арсындағы жекпе-жектің өту мүмкіндігі 50 пайыз. Егер Қарл мансабын жалғастырса, ол Головкинмен кездеседі деп ойлаймын", - деді ол.
Айта кетейік, Фроч өткен жылдың мамырынан бері рингке шыққан жоқ. Ол соңғы кездесуінде Джордж Гроувзды нокаутпен жеңген болатын. Сонымен қатар, ол WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша чемпион үшін тым күшті және Головкинмен жекпе-жек өткізсе оны алғаш рет жеңіліске ұшырататын адам екенін айтты.
Еске сала кетейік, осыған дейін Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандықтың Фрочпен кездесуін өткізу үшін Англияға баруға дайын екенін айтқан болатын. "Головкиннің жеңістерінен кейін дәл қазіргі уақытта бұл Фроч үшін де, Головкин үшін де үлкен кездесу болар еді. Мен Эддиге (Карл Фрочтың промоутері) Англияға бара алатынымызды айттым. Әрі екінші орта салмақ дәрежесіне өту де проблема емес. Бұл жекпе-жекке HBO арнасы қызығушылық танытып отыр. Бұл керемет кездесу болар еді", - деді Леффлер.