06 ақпан 2018 11:11

Головкин мен "Канело" қарымта жекпе-жек алдында допинг-сынақтан өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters/Henry Browne © Reuters/Henry Browne

Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес қарымта жекпе-жек алдында допинг-сынамасын тапсырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес қарымта жекпе-жек алдында допинг-сынамасын тапсырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Бұл жекпе-жек бойынша допинг-сынаманы VADA (Допингке ерікті тестілеу қауымдастығы) жүргізеді. Боксшылар сынаманы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырды. 

VADA ұйымының твиттердегі ресми парақшасында Головкин сынаманы жетінші рет, ал "Канело" - алтыншы рет тапсырғаны жазылған.

Жекпе-жек 5 мамырда өтеді және HBO арнасы оны ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Енді жекпе-жектің өткізілетін орнын белгілеу ғана қалды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети