Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің келіссөздері аяқталуға жақын. Бұл туралы мексикалық боксшының промоутері Рубио Освальдо Кучле айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин мен Рубио арасында жекпе-жек өтетін шығар. Біз әзірше кездесудің қаржылық жағын келісіп қойдық. Бұл жекпе-жекке қатысты барлық құжаттарға қол қою сәтін асыға күтіп жүрмін", - дейді промоутер.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек туралы мексикалық боксшы бірінші болып хабарлады. Ол өзінің Твиттердегі парақшасында "Егер Мигель Котто менімен жұдырықтасқысы келмесе, мен онда 18 қазанда Головкинмен жекпе-жекке шығамын", - деп жазба қалдырған. Екі тарап бір шешімге келіп, құжаттардың барлығына қол қойып жатса, онда жекпе-жек 18 қазан күні Лос-Анджелесте өтеді.
Еске салайық, тамыз айының басында Геннадий Головкин World Boxing News тағайындаған "2013 жылдың боксшысы" деген атаққа ие болды. Отандасымыз WBN порталы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 74% дауыс жинады. Ал екінші орын алған канадалық былғары қолғап шебері Адонис Стивенсонға сайт қолданушыларының небәрі 12%-ы ғана дауыс берген.
Ал, бүгін белгілі болғандай Головкин Bleacherreport.com порталы жариялаған "2014 жылдың үздік боксшысы" деген атаққа үміткерлер қатарына қосылды.