15 тамыз 2014 16:33

Головкин мексикалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©boxingscene.com Геннадий Головкин. ©boxingscene.com

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегінде мексикалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегінде мексикалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыздың келесі қарсыласы 34-жастағы мексикалық Марко Антонио Рубио болуы мүмкін. Бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жек 18 қазанда Лос-Анджелесте өтуі керек. Мұндай ақпаратты мексикалық боксшы өзінің Туиттер парақшасында жариялады. "Егер Мигель Котто менімен жұдырықтасқысы келмесе, мен онда 18 қазан күні Головкинмен жекпе-жек шығамын", - дейді Марко Антонио Рубио

Тамыз айының басында Геннадий Головкин World Boxing News тағайындаған "2013 жылдың боксшысы" деген атаққа ие болды. Отандасымыз WBN порталы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 74% дауыс жинады. Ал екінші орын алған канадалық былғары қолғап шебері Адонис Стивенсонға сайт қолданушыларының небәрі 12%-ы ғана дауыс берген.

Ал бүгін белгілі болғандай Головкин Bleacherreport.com порталы жариялаған "2014 жылдың үздік боксшысы" деген атаққа үміткерлер қатарына қосылды. 

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 27 шілде күні өткізіп, австралиялық экс-әлем чемпион Дэниэл Гилді жеңген болатын. Жерлесіміз Гилді үшінші раундта сұлатып түсірді. Айта кетейік, бұған дейін Головкин алдағы уақытта австралиялық Сэм Солиманнан өзге мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес, пуэрторикалық Мигель Анхель Котто, Питер Куиллин (АҚШ) және кіші Флойд Мейвезер (АҚШ) сынды былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығып қалуы мүмкін деген хабар тараған еді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети