Головкин мен Рубио арасындағы жекпе-жектің келіссөздері аяқталуға жақын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Рубио арасындағы жекпе-жектің келіссөздері аяқталуға жақын Геннадий Головкин. ©allboxing.ru

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің келіссөздері аяқталуға жақын. Бұл туралы мексикалық боксшының промоутері Рубио Освальдо Кучле айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің келіссөздері аяқталуға жақын. Бұл туралы мексикалық боксшының промоутері Рубио Освальдо Кучле айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин мен Рубио арасында жекпе-жек өтетін шығар. Біз әзірше кездесудің қаржылық жағын келісіп қойдық. Бұл жекпе-жекке қатысты барлық құжаттарға қол қою сәтін асыға күтіп жүрмін", - дейді промоутер.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек туралы мексикалық боксшы бірінші болып хабарлады. Ол өзінің Твиттердегі парақшасында "Егер Мигель Котто менімен жұдырықтасқысы келмесе, мен онда 18 қазанда Головкинмен жекпе-жекке шығамын", - деп жазба қалдырған. Екі тарап бір шешімге келіп, құжаттардың барлығына қол қойып жатса, онда жекпе-жек 18 қазан күні Лос-Анджелесте өтеді.

Еске салайық, тамыз айының басында Геннадий Головкин World Boxing News тағайындаған "2013 жылдың боксшысы" деген атаққа ие болды. Отандасымыз WBN порталы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 74% дауыс жинады. Ал екінші орын алған канадалық былғары қолғап шебері Адонис Стивенсонға сайт қолданушыларының небәрі 12%-ы ғана дауыс берген.

Ал, бүгін белгілі болғандай Головкин Bleacherreport.com порталы жариялаған "2014 жылдың үздік боксшысы" деген атаққа үміткерлер қатарына қосылды.

 

 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети