WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубио орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубио орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі боксшы арасындағы жекпе-жекте Рубио өзінің WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеуін ортаға қойса, Геннадий Головкин WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін тігеді. Бұл кездесудің жеңімпазы WBC нұсқасының толыққанды чемпионы, 33 жастағы Мигель Коттомен жұдырықтасуға міндетті болады.
"Біз Геннадий Головкин мен Марк Антонио Рубио орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктірі үшін жұдырықтасады деп шештік. Екі боксшы да чемпиондар. Ал кездесудің жеңімпазы WBC нұсқасының толыққанды чемпионы Мигель Коттомен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады", - дейді Бүкіләлемдік боксшылар одағының (WBS) президенті Маурисио Сүлейман.
Айта кетейік, Головкин мен Рубио арасындағы кездесу 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді, ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылдағы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ. Ақпан айында боксшы Монте-Карлода ганалық Осуману Адаманы, шілде айында Нью-Йоркте австралиялық Дэниэл Гилді жекпе-жектің аяғына дейін жеткізбей жеңіп кеткен болатын.