20 тамыз 2014 10:08

Головкин Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасуға келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©REUTERS Геннадий Головкин. ©REUTERS

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубио жекпе-жек өткізуге өзара келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz. 


WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубио жекпе-жек өткізуге өзара келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Кездесу 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді, ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылдағы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ. Ақпан айында боксшы Монте-Карлода ганалық Осуману Адаманы, шілде айында Нью-Йоркте австралиялық Дэниэл Гилді жекпе-жектің аяғына дейін жеткізбей жеңіп кеткен болатын.

Бұған дейін Головкиннің  Bleacherreport.com сайтының нұсқасы бойынша "2014 жылдың боксшысы" атағына үміткерлер тізіміне қосылғаны хабарланды. Тізімдегі жеті боксшының арасынан қазақстандық төртінші орынды иеленген. Басылым егер Головкин пуэрторикалық Мигель Коттомен немесе америкалық Андре Уордпен жұдырықтасып, оларды жеңіп кетсе, онда "Жыл боксшысы" атануы мүмкін екенін жазды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети