Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес максикалық Сауль Альварестің пуэрториколық Мигель Коттомен болған жекпе-жегі жайлы пікірлерін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Жақсы жекпе-жек. Екеуі де тамаша өнер көрсетті. Бұл өте тығыз жекпе-жек болды. Мен дайынмын", - деді қазақстандық боксшы Котто-Альварес жекпе-жегінен кейін тілшілерге жауап бере отырып.
Ал Головкиннің бапкері Абель Санчес Fight Hype басылымына берген сұхбатында кездесуден алған әсерін айтты. "Альвареске оңай болған жоқ, Котто - үлкен чемпион. Меніңше, Канело бұл жекпе-жекте жақсы жұдырықтасты, бірақ ол Геннадий Головкиннің деңгейінде емес", - деді Санчес.
Еске салайық, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) пуэрториколық Мигель Коттоны (40-5, 33 КО) жеңіп, орта салмақта WBC тұжырымының жаңа чемпионы атанды. Жекпе-жек бүгін, 22 қарашада өтті. Кездесуден кейін "Канело" Геннадий Головкинмен қазір болса да жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.