30 қыркүйек 2014 11:19

Головкин Мейвезердің келесі қарсыласы болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Сурет Tengrinews.kz архивінен Геннадий Головкин. Сурет Tengrinews.kz архивінен

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне қарамай әлемнің үздік боксшы атанып жүрген кіші Флойд Мейвезердің қарсыластар тізіміне қосылып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне қарамай әлемнің үздік боксшы атанып жүрген кіші Флойд Мейвезердің қарсыластар тізіміне қосылып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кіші Мейвейзердің қарсыласын анықтау үшін Allboxing.ru порталы дауыс беру шарасын ұйымдастырып жатыр. Порталдың оқырмандары Флойдтың келесі қарсыласы ретінде Головкиннен өзге пуэрторикалық Мигель Коттоны, мексикалық боксшы Сауль Альваресті, британдық Амир Ханды және филиппиндік Мэнни Пакьяоны таңдай алады. Геннадий Головкинге өз дауыстарыңызды мына сілтеме бойынша бере аласыздар. 

Айта кетейік, 37 жастағы кіші Флойд Мейвезер кәсіпқой бокс шаршы алаңында 47 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Америкалық боксшы оның 26 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал, 32 жастағы Головкин болса 30 жекпе-жек өткізіп (27 нокаут), барлығында қарсыластарынан басым түскен. 

Еске салайық, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 қазан күні Карсонда (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді. Оның қарсыласы WBC нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлемнің уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио.

 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети