28 маусым 2016 15:52

Головкин мырза, менің ұлымды жеңе алатыныңызды дәлелдеңіз - Крис Юбенктің әкесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© theguardian.com © theguardian.com

Екі салмақ категориясы бойынша бұрынғы чемпион ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенктің әкесі мен бапкері (23-1, 18 КО) WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің оның ұлын жеңе алатынына күмәнданып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екі салмақ категориясы бойынша бұрынғы чемпион ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенктің әкесі мен бапкері (23-1, 18 КО) WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің оның ұлын жеңе алатынына күмәнданып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Юбенктің әкесінің айтуынша, оның ұлы жылдымдығы арқылы Головкинді жеңе алады.

"Головкин мен Крис Юбенкке қарап, мен ұлымның жеңе алатынын айта аламын. Юбенк Головкиннің бір соққысына кем дегенде үш рет соққы қайтарады. Бірінші дәрежелі боксшы болсам да, мен Джо Кальзагемен жұдырықтасқанда жеңіліп қалдым. Бірақ ол мені қалайша әр раунд сайын жеңе алды? Әрине, жылдамдық. Мен бір рет соққы жасағанда, ол төрт рет соққы жасады. Бұл анық көрініп тұрған нәрсе, болжам да емес. Головкин мырза, маған мұны дәлелдей аласыз ба? Сіз менің ұлымды жеңе алатыныңызды дәлелдеңіз. Себебі мен сізді ұлымды жеңеді дегенге сенбеймін", - деп келтірді әкесінің сөзін Boxingscene.com басылымы.

Алайда Юбенктің бұл ойын екінші орта салмақтағы экс-чемпион Карл Фроч құптамай отыр. Оның айтуынша, Юбенк Головкин сияқты мұндай дәрежедегі жекпе-жекке әлі дайын емес.

Айта кетейік, бұған дейін Головкин-Юбенк командаларының қыркүйекте өтетін жекпе-жек туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы айтылған болатын. Ұлыбританиялықтың промоутері Эдди Хирннің айтуынша, келісім алдағы үш күнде жасалады. Ал жекпе-жек Лондонда 23 мың көрерменге арналған O2 Arena алаңында өтуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети