07 маусым 2017 17:51

Головкин өз атындағы дене шынықтыру кешенін ашу үшін Қарағандыға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © Тұрар Қазанғапов Геннадий Головкин. © Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) кешеннің ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты шара барысында жас спортшылар өздерінің бірінші жаттығуын кешеннің түрлі залдарында атақты спорт шеберлерімен бірге өткізді: Николай Цой, Ни­колай Снегуров, Елена Котова, Дастан Аяпб­ек, Василий Черников.

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені Майқұдықтағы Белинский көшесінің бойында бой көтерді. Нысанның құрылысы 2014 жылы басталды. Ғимараттың жалпы ауданы - 2384,3 шаршы метр. 

Спорт кешені үш қабатты, екінші қабатта 100 көрерменге арналған әмбебап мінбер салынған. Сонымен қатар, 4 жолағы бар бассейн де салынған. 

Үшінші қабатта 15 адамға арналған киім ауыстыру бөлмесі, душ, бапкерлер бөлмесі, бокспен шұғылдану залы бар. 

Осы спорт кешенінде бокстан, ойын түрлерінен, ауыр атлетика және жүзуден жаттығулар тегін жүргізіледі. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети