04 ақпан 2018 11:06

Головкин Сочидегі мүмкіндігі шектеулі балалар орталығына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © allboxing.ru Геннадий Головкин. © allboxing.ru

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Сочидегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығына барды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Сочидегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығына барды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың хабарлауынша, бұл орталыққа Головкинмен бірге халықаралық бокс федерациясының (IBF) басшысы Дэрил Пиплс, бокс жұлдыздары Роберто Дюран мен Валерий Абаджян да барған.

Айта кетейік, қазір Головкин Сочи қаласында Халықаралық бокс форумына қатысып жатыр. Форум 1-4 ақпан аралығында өтеді. Бұл жиында бірінші рет кәсіпқой бокстағы ең беделді WBA, WBC, WBO және IBF ұйымдарының басшылары жиналады. Сонымен қатар, бұл отырысқа Халықаралық әуесқойлар бокс қауымдастығы (AIBA) мүшелері қатысады. Головкин кәсіпқой бокстың атынан сөз сөйлейді. Одан бөлек бұл жиынға Бақтияр Артаев және Бақыт Сәрсекбаев секілді Олимпиадада топ жарған қазақ боксшылары шақырту алыпты. 

Бұған дейін Головкиннің есімі Ресейдегі бокстың құрмет залына қосылатынын хабарлаған болатынмыз. Бұл жаңалық та форум кезінде анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети