07 сәуір 2017 22:12

Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанадан гөрі Лондонда өткені тиімді - Беленький

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Steppe © The Steppe

Жекпе-жек әлемінде танымал ресейлік маман әрі блогер Александр Беленький Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасындағы кездесудің Астанадан гөрі Лондонда өткені тиімді екенін айтты. Сонымен қатар, ол EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері Головкинге кімдердің қарсылас бола алатынын мәлімдеді. 


Жекпе-жек әлемінде танымал ресейлік маман әрі блогер Александр Беленький Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасындағы кездесудің Астанадан гөрі Лондонда өткені тиімді екенін айтты. Сонымен қатар, ол EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері Головкинге кімдердің қарсылас бола алатынын мәлімдеді. 

"Головкин мен оның командасы Сондерстің көптеген айыптаулары мен мазақ етуіне салқынқандылық танытуын жақсы түсінемін, себебі олар қарапайым әрі сабырлы жігіттер. Олар кез келген үндеуге жауап беруге асықпайды. Мексикалық боксшы Альварестың айтып жүргені де көп, бірақ "маған тиісіп жатыр, жауап қайтаруым керек деп" асыққан Головкинді көрмейміз. Мен бұл жағдайға ешқандайда күмәнмен қарамаймын. 

Головкин үшін Астанада жекпе-жек өткізген әрине тиімді. Бірақ ол егер жекпе-жекті Лондонда өткізетін болса, көбірек назар аударылатын еді. Кездесу Астанада өтетін болса, уақыт айырмашылығына байланысты оны көп адам көре алмауы мүмкін. Бұл өз кезегінде рейтингке әсерін береді. Бұл жерде таяқтың екі ұшы бар, екі нұсқада да тиімді әрі тиімсіз жақтары бар.

Меніңше Головкинмен қазіргу уақытта жақсы қаражаты бар кез-келген боксшы жекпе-жек өткізе алады. Ең қызықты жекпе-жек болуы үшін Генаның қарсыласы дакөп емес. Бірақ Крис Юбенк, Билли Джо Сондерс және Сауль "Канело" Альварес оның басты қарсыластары болып саналады. Қалған жекпе-жектердің басында-ақ Головкиннің жеңімпаз болатынын білуге болады. Бұл менің ойым, қандайда бір интрига болғаны дұрыс. Джейкобспен реваншқа түссе олда қызықты болар еді", - дейді ресейлік маман. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети