Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының жапониялық Риото Муратаға (13-1, 10 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының жапониялық Риото Муратаға (13-1, 10 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Головкиннің WBA (Super) белбеуіне міндеттік үміткер Мурата таяуда өз титулын сәтті қорғап қалды. Ал оның промоутері күзде Токио қаласында Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды.
"Мурата Жапонияда жақсы жекпе-жек өткізді. Мурата Жапонияда жақсы танымал. Ол көп адам жинайды. Ол Головкин мен де Абель Санчеспен де бірге жаттықты, Олимпида чемпионы. Боб Арум өткен кеште сонда болды. Головкин Муратамен Токиода жекпе-жек өткізетін болса, Tokyo Dome стадионында көрермендер көп болатыны сөзсіз", - деді Леффлер.
Осыған дейін, 5 мамырда Головкин MGM Grand аренасында мексикалық Хайме Мунгиеймен (28-0, 24 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар Головкиннің командасы ирландиялық Гэри О'Салливанның (27-2, 19 КО) кандидатурасында қарастырып отыр.
4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды. Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын айтты.
Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.
Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.
17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда.
Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18 сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейін шеттетілуі мүмкін.
4 сәуірде Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.
Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.