Головкин Уордты жақын қашықтықта "шегелеп тастайды" - шолушы

21 Қараша 2016, 11:38
0

Boxing News & Results порталының шолушысы Тим Нильсон қазақстандық Геннадий Головкин жақында ғана жартылай ауыр салмақта чемпион атағын жеңіп алған Андре Уордты неліктен жеңе алатындығын айтып берді, - деп жазады Vesti.kz.

"Головкинның соққысы Уордтың соққысынан күштірек. Біз өткен түні Уордтың әр раунд сайын үздіксіз соққы астында қалып отырғанын көрдік. Егер ол Головкинмен жекпе-жекте осынша соққы алар болса, джеб пен сол жақ хук соққысы күштірек келетін Головкин оны жақын қашықтықта "шегелеп" тастары сөзсіз. Дегенмен, Головкин мен Уорд кездесе ме, жоқ па белгісіз. Ал жекпе-жек өтетін болса, Геннадий нокаутпен жеңіске жететіні анық. Бұл жекпе-жек үшін Головкинге орта салмақта Дэниэл Джейкобс, WBO чемпионы Билли Джо Сондерс және WBC нұқасы бойынша бұрынғы чемпион Сауль "Канело"Альвареспен кездесу өткізіп, жолын ашып алу қажет. Головкинге Уордтан қорқатындай себеп жоқ. Біз мұны өткен түнде көрдік. Уорд ауыр соққы жасай алмайды және сол қолына толық тәуелді сияқты", - дейді Нильсон. 

Еске салайық, Лас-Вегаста Андре Уорда пен Сергей Ковалев арасындағы жекпе-жекте ресейлік боксшы алғашқы жеңілісін тауып, барлық атағынан айырылды. Нильсонның пікірінше, Уордтың орнында Головкин болса, ол Ковалевті жай ғана жеңіп қоймай, оны нокаутқа түсірер еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай