20 шілде 2015 08:22

Головкин - үздік боксшы, қазіргі уақыттың ең жақсы боксшыларының бірі - Эвандер Холифилд

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эвандер Холифилд. ©Spletnik.ru Эвандер Холифилд. ©Spletnik.ru

52 жастағы америкалық боксшы Эвандер Холифилд WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің үздік боксшы және қазіргі уақыттың ең жақсы боксшыларының бірі екендігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша Головкин ESPY тұжырымы бойынша үздік болуы керек еді. Ол жиі жұдырықтасады және барлық қарсыласын нокаутқа түсіреді, - деп келтіреді Холифилдтің сөзін ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы. Ал тілшінің ол туралы қалай ойлайтыны туралы сұраққа Холифилд былай деп жауап қатады: "Меніңше, ол үздік боксшы, қазіргі уақыттың ең жақсы боксшыларының бірі"

Сонымен қатар, Холифилд қазақстандық пен Андре Уордтың арасында болуы мүмкін делінген кездесу жайлы пікір айтты. "Әрине, Андре Уорд Головкин үшін үлкен жігіт болады. Ол шебер боксшы. Меніңше, бұл бәсекеге толы кездесу болар еді", - деді ол.

Еске салайық, 16 шілдеде Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) "Спорттағы сапасы үшін"  (ESPY) жүлдесінің марапаттау рәсімі өтті. "Жыл жекпе-жекшісі" атағын Ронда Роузи алды, ал Головкин америкалық Флойд Мейвезерден үстем болып, төртінші орынға табан тіреді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети