1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин WBC жүзігіне ие болды

Головкин WBC жүзігіне ие болды Головкин WBC жүзігіне ие болды

Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьені жеңгеннен кейін Халықаралық бокс федерациясының (WBC) жүзігіне ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың кездесуі 18 қазанда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Қазақстандық боксшы сегізінші раундта жеңіске жетіп, IBF белбеуіне ие болды. Айта кетейік, Головкин WBA (Super), IBO және WBC (Interim) белбеулеріне де иелік етеді.


Головкиннің бұл 34-ші жеңісі болып отыр. Ол кездесулерінің 31-ін нокаутпен аяқтады. Қазақстандық боксшы алдағы уақытта Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездескісі келетінін айтты. Бірақ ол мұны аралық салмақ дәрежесінде жасағысы келмейтінін мәлімдеді.