24 сәуір 2019 09:23

Головкинді қатты құрметтеймін - Стив Роллс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стив Роллс. Фото: boxingscene.com Стив Роллс. Фото: boxingscene.com

Канадалық Стив Роллс орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жанкүйерлердің көңілінен шығатын жекпе-жек өткізуге уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.  


Канадалық Стив Роллс орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жанкүйерлердің көңілінен шығатын жекпе-жек өткізуге уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.  

Лос-Анджелестегі баспасөз мәслихатында боксшы өзінің Головкинге қарсылас болуы жанкүйерлерге көп сұрақ туғызғанын айтты. 

"Көбіңіз менімен таныс емес екендеріңізді білемін. Головкиннің қарсыласы туралы көп сұрақ бар екенін де білемін. Мен осында болу үшін көп жұмыс істеген адаммын. Құлап, көтерілген сәттерім көп болды. Қолымнан не келетінін білемін. Бұл бәрі күткеннен әлдеқайда жақсы жекпе-жек болады. Головкинді қатты құрметтеймін және 8 маусымды тағатсыздана күтемін", - деді Роллс баспасөз мәслихатында. 

Головкин келесі жекпе-жегін неге жаңа салмақта өткізетінін түсіндірді

Естеріңізге салсақ, Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар 164 фунт салмақта жұдырықтасады. Головкин үшін бұл DAZN стриминг сервисімен үшжылдық келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети