30 шілде 2018 | 11:05

Головкинді ұрып жыққаннан кейін допинг жайлы ешкім де есіне түсірмейді - "Канело"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) 2018 жылдың 15 қыркүйегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) жеңгеннен кейін допинг жайлы әңгімелердің тоқтайтынына сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Екі салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) 2018 жылдың 15 қыркүйегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) жеңгеннен кейін допинг жайлы әңгімелердің тоқтайтынына сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Биыл ақпанда мексикалық боксшы допинг сынамасын тапсырып, оның қан құрамынан екі рет кленбутерол препараты табылған еді. Оның командасы бұзылған еттің себебінен осындай жағдайға душар болдық деп ақталды. Альварес 5 мамырға белгіленген жекпе-жектен бас тартып, бокстан алты айға шеттелген болатын.

"Комиссия не болғанын біледі. Олар менің әдейі істемегенімді біледі, сол себепті мені аз уақытқа ғана жазалады. Олар білді, - деді Альварес Las Vegas Review-Journal басылымына берген сұхбатында. - 15 қыркүйекте мен оны (Головкинді) жеңгеннен кейін допингпен ұсталғаным жайлы айтпайтын болады".

Осыған дейін "Канело" Головкинмен 5 мамырда өтуі тиіс екінші жекпе-жек алдында допингпен ұсталуына кімнің кінәлі екенін айтқан еді. Осы жағдайдан кейін мексикалық боксшы мүлдем ет жемейтінін айтқан еді.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Осыдан бір жыл бұрын қос боксшы осы аренада кездесіп, өзара мықтыны анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети