24 шілде 2018 10:03

"Бұл менің қателігім". Альварес допинг жайлы сырын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан Сурет ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан

Бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес 5 мамырда Геннадий Головкинмен екінші жекпе-жек алдында не себепті допинг сынамасынан өте алмағаны жайлы сырын ашты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес 5 мамырда Геннадий Головкинмен екінші жекпе-жек алдында не себепті допинг сынамасынан өте алмағаны жайлы сырын ашты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канелоның" айтуынша, болған жағдайға тек өзі кінәлі екен. Мексикалық осы жағдайдан кейін ет жеуден бас тартуды шешкен. 

"Мен бұл дау-дамайға басқа біреуді тартқым келмейді. Бұл менің қателігім. Мексикадағы еттің айтарлықтай қиындықтар туғызатынын білместіктен болды. Мен оны біліп істемедім, өзімнің жағдайымды дұрыстау үшін немесе әідемі көріну үшін. Мен еш уақытта мұндай қадамға бармаймын. Бұл қателік болды. Мексикада бұл мәселенің барын білмедім. Енді қайталамаспын", - деді боксшы ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында. 

"Болған жағдайдан кейін мен қажетті шараларды қабылдадым. Ет жеуден бас тарттым. АҚШ-та еттің құрамы басқа, онда еш қиындықсыз ет жеуге болады, себебі онда бақылау күшті. Мен осыған үйренуім керек, себебі көп уақытымды Мексикада өткіземін. Мен еттен бас тарттым", - деді Альварес. 

Ақпанда мексикалық боксшы допинг сынамасын тапсырып, екі рет оның қан құрамынан кленбутерол препараты табылған еді. Оның командасы бұзылған еттің себебінен осындай жағдайға душер етті деп ақталды. Альварес 5 мамырға белгіленген жекпе-жектен бас тартып, бокстан алты айға шеттелді. 

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы  T-Mobile аренасында өтеді. Айта кетейік, бір жыл бұрын қос боксшы осы аренада кездесіп, кіл мықтыны анықтай алмаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети