18 мамыр 2015 | 08:00

Головкинге қарсылас болуы мүмкін боксшылардың тізімі құрылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Twitter.com ©Twitter.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл кездесу қазақстандық боксшының 2015 жылдағы үшінші жекпе-жегі болады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл кездесу қазақстандық боксшының 2015 жылдағы үшінші жекпе-жегі болады.

16 мамырда WBC президенті Маурисио Сүлеймен Головкиннің орта салмақта WBC чемпионы титулына Мигель Коттомен таласуы мүмкін екендігін жариялаған еді. Егер Котто мексикалық боксшы Сауль Альваресті келесі қарсыласы етіп таңдаса, бұл жекпе-жекте жеңген боксшы Головкинмен жұдырықтасуы тиіс.    

Ал егер Головкиннің командасы Коттомен немесе Альвареспен келісімге келе алмаса, промоутер Том Леффлер, Boxingnews24.com сайтының мәліметінше, мына боксшыларды GGG-ге қарсылас етіп таңдауы мүмкін: Джермал Чарло, Джордж Себастьян Хейланд, Туреано Джонсон, Билли Джо Сандерс, Серхио Мора, Крис Юбенк, Давид Лемье, Хассан Н'Дам Н'Жикам, Джон Райдер, Матвей Коробов, Доминик Вейд, Энтони Дуглас, Тони Джетер, Лес Шеррингтон және Дмитрий Чудинов.

BoxingScene.com басылымының мәліметінше, қыркүйекте қазақстандық боксшыға орта салмақта IBF белбеуінің иегері, канадалық Давид Лемье, француз Хассан Н'Дам Н'Жикам және Ирландия боксшысы Энди Ли (WBO белбеуінің иегері) сияқты боксшылардың қарсы шығып қалу мүмкіндігі зор.

Еске салайық, 17 мамырда Головкин Вилли Монро кішіні нокаутқа түсірген болатын. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жегі үшін мансап жолындағы ең көп гонорарды алады. Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Головкин қыркүйек айында америкалық Флойд Мейвезер кішіге қарсы шығуға дайын екенін мәлімдеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer