22 мамыр 2022 09:01

Головкинмен жекпе-жек бола ма? Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Орта салмақта жаңа WBO regular чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBA Super, IBF және IBO титулдарының иесі қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBO-ның "уақытша" чемпионы GGG-ге қарсы шықпайтынын айтып, себебін түсіндірді. 

- Головкин мексикалық бокс стилін көрсетеді, ал сен - қазақша. Онымен жекпе-жек өткізу ойда жоқ па?

Реклама
Реклама

- Бұл қазақ дәстүріне жат қылық, біз үлкенге қол көтермейміз. Головкин жоғары дивизионға жоғары көтеріледі деп үміттенемін, өйткені мен орта салмақтағы барлық белбеуді жинағым келеді, - деді Әлімханұлы.

Еске салайық, бүгін Әлімханұлы Дигнумды нокаутқа түсіріп, уақытша әлем чемпионы атанды. Орта салмақта WBO әлем чемпионы титулы америкалық - Деметриус Андрадеде (31-0, 19 КО), оны ұйым Әлімханұлымен жұдырықтасуға міндеттеген. Егер америкалық жекпе-жектен бас тартса, Әлімханұлы титулды жекпе-жексіз жеңіп ала алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram