13 ақпан 2017 11:21

Головкинмен жұдырықтасқанда үш минуттың өзі мәңгілік сияқты көрінеді - Абель Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандықтың бокстағы мәнерінің ерекшелігі туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандықтың бокстағы мәнерінің ерекшелігі туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Бапкер Головкиннің қарсыластарын неліктен титықтатып жіберетінін және 12 раунд өткізуге үнемі дайын екендігін айтады.

"Әрбір адам үш минуттық раундты ұзақ деп ойламайды, бірақ, соққысы Головкиндікіндей ауыр боксшымен жұдырықтасқан адам үшін бұл уақыт мәңгілік болып көрінері сөзсіз! Қарсыласыңның мұндай ауыр соққы жасай алатынын сезгенде бастапқы жоспарың ойыңнан ұшып кетеді. Сосын сен "Мәссаған! Мұндаймен алғаш рет бетпе-бет келіп тұрмын, енді қалай жеңемін" деген сұрақ туындайды. Осыдан кейін әлсіздігіңді сезінесің. Мысалы, Стивенс нокдаунға түскеннен кейін қорғанумен ғана болды. Маклин болса қалай аман қалуын ғана ойлады.

Ақыры бар ойың өзгереді, енді бір сәтті соққы өткіземін деп бар жоспарыңды жайына қалдырасың. Дегенмен ол сәтті соққыны жасау үшін де сен жұдырықтасуға жарауың керек.

Залда жақсылап жаттығамыз. Сондықтан ол 12 раундты еш қиындықсыз өткізе алады. Ол үшін жұдырықтасу неге қөңілді дейсіз бе? Өйткені оның күші бар, ол әр соққысы сайын қарсыласының қалай қалжырай бастағанын сезеді", - дейді Санчес.

Еске салайық, Головкин Дэниэл Джейкобспен 18 наурызда Нью-Йорк қаласасында Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети