26 шілде 2018 14:37

Головкиннің алты жыл бойы мақсат етіп келген титулын Усик бір жарыста жеңіп алды - Промоутер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Промоутер Том Леффлер таяуда бірінші ауыр салмақта абсолют чемпион болған украиналық Александр Усиктің (15-0, 11 КО) жеңісі боксшыға үлкен мүмкіндіктерге есік ашқанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты BoxingScene.com порталына сілтеме жасап. 


Промоутер Том Леффлер таяуда бірінші ауыр салмақта абсолют чемпион болған украиналық Александр Усиктің (15-0, 11 КО) жеңісі боксшыға үлкен мүмкіндіктерге есік ашқанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты BoxingScene.com порталына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Головкиннің промоутері Усиктің де ісін жүргізеді.

Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалында алғашқы ауыр салмақтағы WBC, WBA Super, IBF және WBO белбеулері үшін жекпе-жекте Усик ресейлік Мурат Гассиевті ұпай санымен жеңді. Гассиевті қазақстандық Геннадйи Головкиннің бапкері Абель Санчес жаттықтырады. Сонымен бірге, Усик The Ring журналының титулы мен Muhammad Ali Trophy кубогын иеленді.

"Меніңше, бұл жеңіс Усикті бокс шыңына шығарды. Енді ол Геннадий Головкин, Теренс Кроуфорд және Василий Ломаченко сияқты мықтылар қатарында. Бұл жеңіс оған барлық есіктерді ашты деген ойдамын. Ол енді өз таңдауын жасай алады: Ұлыбританияда Тони Белльюмен жұдырықтаса алады немесе АҚШ-қа НВО арнасына орала алады, - дейді промоутер. 

Оның айтуынша, Усик - қазіргі уақытта кәсіпқой бокстағы жалғыз абсолют чемпион.

Бір турнирде ол Головкин алты жыл бойы ұмтылып келе жатқан жетістікке жетті. Бұл жетістікті жоғары бағалаймыз, енді еңбектің жемісін жейтін уақыт келді. Александр турнирде үлкен табыс тапты және деңгейін жоғарлату үшін бірнеше рет чемпиондығын қорғай алады. Белльюмен расымен жұдырықтасқысы келе ме, барлығы соған байланысты. Егер Тони аса ауыр салмақта жұдырықтасқысы келсе, Усик салмақ қосады, ал егер британиялық чемпиондық төрт белбеу үшін жұдырықтасқысы келсе, ондай жекпе-жек ауыр салмақта өтеді", - деді Леффлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети