Головкиннің бапкері Альварестің қай тұста әлсіз екенін айтып берді

15 Тамыз 2017, 09:26
0
Головкиннің бапкері Альварестің қай тұста әлсіз екенін айтып берді - © boxingscene.com
© boxingscene.com

Бапкер Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альваресті Геннадий Головкиннен жеңілген Дэниэл Джейкобстан да әлсіз деп пікір білдірді , - деп хабарлайды Vesti.kz

"Соққының күшіне келер болсақ, Джейкобс - ара, ал Альварес - маса. Дэнни Головкинмен рингке шыққанда ол 20 немесе тіпті 25 фунт салмақ қосты. Ол биік әрі күштірек болды, жағдайы жақсы еді. Альварес болса айтарлықтай төмен, қолдары қысқа. Иә, сериялық жұмыста жақсырақ және жылдам шығар, бірақ ол өте кішкентай. Головкин басым болады деп ойлаймын", - деп келтіреді Санчестің сөзін BoxingScene.com. 

"Альварес жеңіл салмақта да құлап қалған Әмір Ханды, үнемі талып қала беретін Джеймс Киркландты нокаутқа түсірді. Ол бірінші орта салмақта нокаутқа түскен, ал "Канеломен" жекпе-жек өткізу алдында екі жыл жұдырықтаспады. "Канело" шын мәнінде кімді құлатты? Ол ұрып құлатқандардың барлығы да шаршап қалғандар - Лиам Смит мәселен. "Канело" рингте басым болып, Геннадийді есеңгіретуі қажет. Осылай жасаса ғана жетістікке жетуге мүмкіндігі болады", - деп мәлімдеді қазақстандық боксшының бапкері. 

Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай