08 сәуір 2017 | 11:20

Головкиннің бапкері боксшының жарақат алып қалғаны жайлы мәліметке пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес Геннадий Головкиннің жарақат алып қалғаны жайлы ештеңе білмейтінін және Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уорреннің неліктен жоқ жарақат жайлы мәлімет таратқанын түсінбейтінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес Геннадий Головкиннің жарақат алып қалғаны жайлы ештеңе білмейтінін және Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уорреннің неліктен жоқ жарақат жайлы мәлімет таратқанын түсінбейтінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Фрэнктің не жайлы айтып жатқанын білмеймін. Ешқандай да жарақат алған жоқ, бірақ кез келген боксшы жекпе-жекке жарақатпен шығып жатады ғой. Олар ешқашан жүз пайызға дайын болмайды. Бірақ мен Уорреннің Головкиннің жарақаты жайлы айтқанда нені меңзегенін білмеймін. Сіздер оның Нью-Йорктегі жекпе-жектен кейінгі суреттерін көрдіңіздер ғой", - деп келтіреді Санчестің сөзін RingTV.com телеарнасы.

Еске сала кетейік, осыған дейін ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен Геннадий Головкиннің жарақат алып қалуына байланысты келіссөздердің созылып кеткенін мәлімдеген еді. "Бізге Головкиннің жарақат алып қалғанын айтты. Мұның соңы не боларын көрейік. Осы жекпе-жекті ұйымдастыру үшін біз қолдан келгеннің барлығын жасадық. Билли онымен жұдырықтасуға лайықты. Биллидің қалтасында әрдайым қаламы дайын жүреді. Ол кез келген боксшымен жұдырықтасуға келісімін береді. Қазіргі уақытта барлығы созылып кетті", - деген еді Уоррен.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети