10 қазан 2019 09:44

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

© Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

TheAthletic мәліметі бойынша, Головкин келесі жекпе-жегінде поляк Камил Шереметамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Шереметаны ықтимал қарсыластар тізіміне қосқан еді. 

Реклама
Реклама

"Головкин титулдарын Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғау бойынша келісімшартқа отырды, енді ол міндетті жекпе-жек саналуы үшін IBF-тің келісімін күтіп отыр. Егер Сауль Альварес трилогияны мамырда өткізуді қаламаса, бұл жекпе-жек келесі жылдың басында болады", - деді журналист Майкл Бенсон Twitter-парақшасында.

Головкиннің соңғы жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткен. Кездесу 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, Головкин IBF және IBO титулдарын иеленген еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram