20 қыркүйек 2015 17:33

Головкиннің көзінен әлсіздікті байқадым - Давид Лемье

ПОДЕЛИТЬСЯ

Давид Лемье. © rds.ca Давид Лемье. © rds.ca

Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Давид Лемье WBA (Super), IBO және WBC (Interim) титулдарының иегері Геннадий Головкиннің көзінен әлсіздікті байқағанын айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".


Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Давид Лемье WBA (Super), IBO және WBC (Interim) титулдарының иегері Геннадий Головкиннің көзінен әлсіздікті байқағанын айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

"Мен өзіме ұнаған бір жағдайды байқадым, оны жекпе-жек кезінде қолданамын. Қарсыласпен бетпе-бет келгенде көз алдамайды. Білгім келгенді көрдім. Әлсіздікті байқадым және менде кішкене болса да психологиялық басымдық бар деп есептеймін", - деді канадалық боксшы.

Сонымен қатар, Лемье бұл жекпе-жекте арыстан мен арыстанның кездесетінін мәлімдеді. "Головкинді жеңуге барлық қажетті мүмкіндігім бар, ал оны жеңуім тарихқа жазылады. Мүмкіндігімнің бар екенін білемін. Тіпті соңғы екі кездесуіме қарағанда жақсы жұдырықтасатыныма сенімдімін", - деді ол. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети