Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Головкиннің орнында болсам Олимпиадаға қатысар едім - Серік Сәпиев

26 Ақпан 2016, 10:48
3
Серік Сәпиевтің жеке архивінен
Серік Сәпиевтің жеке архивінен

2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында AIBA-ның кәсіпқой боксшыларды Олимпиадаға қатыстыруға рұқсат бергеніне қатысты пікірін айтты. Содан бері Геннадий Головкин Олимпиадаға қатыса ма деген сұрақ кең талқыға түсті. Головкин болса бұл мәселеге қатысты әзірше пікірін айтпады.

"Әрине, Головкин көмектесе алар еді, бірақ ол келісе ме екен, - дейді Сәпиев. - Меніңше, ол келісім бермейді. Бұл оңай шешім емес, оның кәсіпқой боксқа өткеніне көп уақыт болды. Мұндай чемпиондар мұндай ойға бара бермейді, оларға Олимпиаданың алтыны қызық емес".

Сәпиевтің айтуынша, кәсіпқой боксқа енді ғана өткен боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысудың жақсы көрсеткіш екенін түсінеді. "AIBA теннисшілер, баскетболшылар, хоккейшілердей кәсіпқой спорттан Олимпиадағы қатысуы сияқты боксшыларды да тартуды ойлап отыр, себебі бұл Олимпиада ойындарының танымалдығын арттырар еді. Бірақ бір мәселе бар - ХОК ендігі лицензияларды анықтап қойды, ойындарға кімдердің қатысатыны шешіліп қойды. Енді кәсіпқойларды қалай кіргізетіні үлкен мәселе. Меніңше, алдағы Олимпиада ойындарында кәсіпқойлар шыға алмайды, ал келесі ойындарда қатыса алатын шығар", - деді ол.

Ал тілшінің "Сіз Головкиннің орнында болсаңыз алтын медальға таласып көрер ме едіңіз?" деген сұрағына Сәпиев қатысу туралы шешімді қабылдайтынын айтты. "Егер ол Олимпиадаға қатысса, ешкім де ақша төлемейді, медаль жеңіп алса ғана төленеді, ел де алғысын айтады. Олимпиаданың бір тиімді тұсы - алтын медаль алу елге абырой әпереді", - деді ол.


Бақтияр Артаев, Геннадий Головкин және Серік Сәпиев. © Vesti.kz

"Бірақ бір мәселені назардан шығармау керек - кәсіпқой боксшылардың келісімшарттары бар, оларды боксшылар бұза алмайды, ал келісімшартта қандай да бір спорт шараларына қатысуға шектеу қойылуы мүмкін. Оның үстіне Олимпиадаға қатысу үшін белгілі бір іріктеу турнирлерінен өтуі керек, ал Гена осының барлығынан, мәселен Азия чемпионатынан өткісі келе ме екен? Себебі ол әлем чемпионы әрі танымал боксшы. Бұл мәселеде заңға қатысты кейбір кедергілер бар, оның барлығы ХОК-пен келісілуі керек", - деп түсіндірді жағдайды Сәпиев.

Еске салайық, осыған дейін AIBA кәсіпқой боксшыларды Олимпиадаға қатыстыруға рұқсат берген еді. Бұдан кейін Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері, Геннадий Головкинді бұрын жаттықтырған Ғалым Кенжебаев оның Олимпиада ойындарында өнер көрсетуі екіталай деп есептейтінін мәлімдеген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай