25 ақпан 2016 15:39

Головкин Олимпиадаға қатыса ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері, Геннадий Головкинді бұрын жаттықтырған Ғалым Кенжебаев кәсіпқой боксшыларды Олимпиадаға қатыстыруға рұқсат беру туралы AIBA шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері, Геннадий Головкинді бұрын жаттықтырған Ғалым Кенжебаев кәсіпқой боксшыларды Олимпиадаға қатыстыруға рұқсат беру туралы AIBA шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Оның ойынша, Головкин Олимпиада ойындарында өнер көрсетпейді. "Ұлттық құрамаға көмектескісі келетін Головкиннен басқа кәсіпқой боксшыны білмеймін. Дегенмен Головкин мұндай қадамға бару үшін әуесқой боксқа келуіне тура келеді. Әуесқой және кәсіпқой бокста жекпе-жекке дайындалу жүйесі әртүрлі", - деді Ғалым Кенжебаев.

"Оның мақсаты - кәсіпқой бокста шыңдарды бағындыру. Қазір ол бірін екіншісімен шатыстырмайды, орта салмақта барлық титулды жеңіп алуға тырысады. Әрі ұлттық құрамаға ену үшін шараларға қатысып, лицензия жеңіп алуға тура келеді. Мұның бәріне уақыт кетеді. Ал Головкиннің қазір өз жоспарлары бар. Әуесқой және кәсіпқой бокс - екі бөлек дүние", - деді Кенжебаев. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, әуесқой бокстың халықаралық ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға түбегейлі рұқсат берген болатын. AIBA президенті Ву Чинг-Куоның айтуынша, кәсіпқой боксшылар биыл жазда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға да қатыса алады. Алдағы бірнеше ай ішінде кәсіпқой боксшылардың Олимпиадада бақ сынауына кедергі болатын барлық мәселе түбегейлі шешіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети