30 тамыз 2018 | 14:58

Головкиннің промоутері Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу үшін қойылатын ең басты талапты айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы рематчқа қаржы тұрғысынан тиімді кездесу болғандықтан келісім бергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы рематчқа қаржы тұрғысынан тиімді кездесу болғандықтан келісім бергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Леффлер үшінші кездесуге алда болатын рематчтың уақытынан бұрын аяқталу кедергі келтіруі мүмкін екенін айта кетті.

"Бізге "Канело" қомақты ақша табу үшін керек. Бізге қол жетерлік қарсыластардың ішінен "Канелодан" атақтысы жоқ. "Канело" Котто мен Чавесқа қарсы жекпе-жек өткізіп, жолы болды. Жолы болған себебі, бұл қарсыластардың "Канелоға" қол жетімді болуында. Енді оған Головкиннен танымал есім жоқ.    

Головкин үшін де солай - Саульден атақты қарсылас жоқ. Сол себепті, менің ойымша бұл жекпе-жек қыркүйек айында болмаса да, болашақта болар еді. Алайда, кездесу болады және барлығы оның қалай өтетініне байланысты. Мүмкін, біз үшінші кездесуді көреміз, бірақ жекпе-жек нокаутпен аяқталса өтпей қалуы да мүмкін", - деп келтірді Леффлердің сөзін Fightnews.info.  

Еске сала кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кімнің мықты екенін анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети