"Әрбір қателігі үшін жазалаймын" - Альварес Головкинге құрметі қалмағанын айтады

03 Қыркүйек 2018, 09:29
0
"Әрбір қателігі үшін жазалаймын" - Альварес Головкинге құрметі қалмағанын айтады - © sport.bigmir.net
© sport.bigmir.net

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жуырда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында одан  қазақстандық Геннадий Головкин мен командасының допинг жайлы тым көп сөз еткені туралы қайта сұрай бастады. Дегенмен мексикалық бұл сұраққа тура жауап бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

"Тыңдаңыздаршы, оларға не керегін, осымен неге жетпегін білмеймін. Маған керегі - тезірек рингке жету мен жеңіс. Оны әрбір қателігі үшін жазалаймын. Оған деген құрметімнің жоғалғаны менің боксшы ретінде мықтырақ екенімді дәлелдеуге ынталандыра түсті", - дейді ол.

Оның айтуынша, допингке қарсы агенттік мамандары оған уақытын айтпай-ақ келе береді.

"Оның үстіне бұған келіскенмін, ешкім де міндеттемеген", - деп келтіреді Альварестің сөзін World Boxing News. Сәуірдің сол күнінен бастап олар 15-20 шақты рет келді, әлі де келеді. Дайынмын. Бұл бағдарламаға 2012 жылдан бері қатысып келемін десе де болады".

Ал өзінің танымалдылығы мен Мексикадағы атағы тәртібіне жауаптылық арта ма деген сұраққа Сауль мұны мақұлдап, әрдайым сабырлы және тәртіпке бағынатынын айтып жауап берді.

"Канело" мен Головкиннің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Тура бір жыл бұрын T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек тең аяқталған еді. Ол кезде көптеген бокс жанкүйері мен шолушылар Головкин жеңіске жету керек болды деген ой айтқан.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай