12 қыркүйек 2016 16:28

Головкинның бапкері оның келесі қарсыластарының есімдерін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ВКонтакте "Геннадий GGG Головкин" тобынан ВКонтакте "Геннадий GGG Головкин" тобынан

GGG бапкері Абель Санчес орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен келесі жекпе-жектерді өткізетін қарсыластарының есімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


GGG бапкері Абель Санчес орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен келесі жекпе-жектерді өткізетін қарсыластарының есімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Келл Брукпен болған жекпе-жектен кейін Головкин орта салмақтағы WBO титулының иесі Билли Джо Сондерспен кездескісі келетінін айтқан. Ұлыбританиялық боксшы бұл ұсынысты қабылдады. Сондай-ақ қазақстандық боксшымен WBA (Regular) чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс пен орта салмақтағы ұлыбританиялық Крис Юбенк жекпе-жек ұйымдастырғысы келетіндерін мәлімдеген. 

Осыған дейін, Головкиннің келесі жекпе-жегі қараша айының соңында Лос-Анджелес қаласында өтуі мүмкін екендігі хабарланған. Санчес потенциалды қарсыластардың есімін жариялаған болатын. "Геннадийдің келесі жекпе-жегі қараша немесе желтоқсан айларында өтеді. Оның  келесі қарсыласы бәсекелесуге қабілетті, Брук секілді болуы тиіс. Сондерс? Мүмкін. Фанаттар сондай тартысты жекпе-жекті тамашалауға лайықты. Юбенк? Мұндай кездесу де мүмкін, алайда бұл промоутерлерге байланысты, Кристің өзі және әкесі келісе алады ма. Лондонға қайтып келсек тамаша болар еді, мұндай шулы қолдаумен Сондерспен немесе ДиГейлмен кездесу ұйымдастыруға болады", - деді Санчес  iFL TV арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Дүниежүзілік бокс ассоциациясы (WBA) Головкинді титулдарын қорғау үшін Джейкобспен кездесуді міндеттеді. Екі жақтың келісім шарттар жасасуына 30 күн берілген. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, егер олар Джейкобспен келісе алмаса, олар Сондерспен жекпе-жек ұйымдастыруға кіріспек.   

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети