20 тамыз 2016 13:22

HBO телеарнасы Головкиннің күшті соққылары туралы сюжет көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hbo.com © hbo.com

HBO телеарнасы орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкиннің күшті соққылары туралы төрт минуттық сюжет көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


HBO телеарнасы орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкиннің күшті соққылары туралы төрт минуттық сюжет көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ролик "Головкиннің ұлы соққылары" деп аталады. "Жеңіліп көрмеген супержұлдыз әрі нокаут шеберінің жекпе-жектерінің кейбір үздік сәттерін көріңіздер", - делінген телеарнаның сюжетінде. Бұл телеарна Головкин мен Келл Бруктің жекпе-жегін көрсетеді.  

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегінде 30 жастағы ағылшын, жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брукпен кездеседі. Олардың кездесуі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында орта салмақта (160 фунт) өтеді. Екі боксшы да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. 34 жастағы Головкин 35 рет жеңіске жеткен, оның 32-сі уақытынан бұрын аяқталған. 30 жастағы Брук 36 рет жеңіске жетіп оның 25-ін нокаутпен аяқтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети