IBF тұжырымының жаңа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

IBF тұжырымының жаңа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды Сэм Солиман. Фото ©EPA

IBF версиясы бойынша әлем чемпионы 40 жастағы австралиялық Сэм Солиман 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді айқасуға шақырды. Ол Генаның салмағындағы WBA және IBO тұжырымының әлем чемпионы, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

IBF версиясы бойынша әлем чемпионы 40 жастағы австралиялық Сэм Солиман 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді айқасуға шақырды. Ол Генаның салмағындағы WBA және IBO тұжырымының әлем чемпионы, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол бұл туралы 35 жастағы неміс Феликс Штурммен өткен титулдық жекпе-жектен кейін мәлімдеген. Олар 1 маусым күні түнде немістің Крефелінде жұдырықтасты. Сол уақытта төрешілер жеңісті бірауыздан австралиялыққа берген болатын. "Мен Головкинмен шаршы алаңға шыққанға дейін оның қыр соңынан қалмаймын. Ол менен басқа лайықтыны таппайды. Мүмкін бәзбіреулер маған басқа біреумен рингке шығуыма қомақты қаржы ұсынар, бірақ мен оған күмәнмен қараймын. Мен тек Головкинмен ғана шыққым келеді", - деді Солиман.

Солиман сондай-ақ Головкинмен қай уақытта жұдырықтасқысы келетінін де айтып қалды. Оның сөзіне қарағанда, боксшылар биылғы қыс айларында Нью-Йоркте жекпе-жекке шығуы мүмкін. Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі туралы мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети