23 тамыз 2016 | 09:57

Ирландиялық боксшы төрешілерді қорлағаны үшін жазаланатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ibtimes.co.uk © ibtimes.co.uk

Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының (AIBA) Президенті Чинг-Куо Ву Рио-де-Жанейро Олимпиадасында төрешілерге қорлау мәніндегі әрекет жасағаны үшін ирландиялық боксшы Майкл Конланның жазаланатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының (AIBA) Президенті Чинг-Куо Ву Рио-де-Жанейро Олимпиадасында төрешілерге қорлау мәніндегі әрекет жасағаны үшін ирландиялық боксшы Майкл Конланның жазаланатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Конлан бірден төрешілерге ортаңғы саусағын көрсетті. ХОК бұл әрекетті тәртіпсіздік деп бағалады. Адамдардың намысына тиюге болмайды, олар ресми тұлғалар. Бұл әрекетімен ол өзін де ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Осыдан кейін оған қатысты тәртіптік жазалар тағайындалады. Өзін лайықты деңгейде ұстаған жөн. Егер шешімге разы болмасаң, төрешілерді қорлауға болмайды. Бұл оны жазалағысы келіп жүргендердің назарына ілікті. Біз осы жағдайға байланысты тәртіптік комиссия құратын боламыз", - деп хабарлады Ву.

Еске салайық, ирландиялық 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын чемпион Майкл Конлан төрешілердің шығарған шешіміне риза болмады. Кездесудің қорытындысын жариялаған кезде Конлан төрешілерге наразылық танытып, ортаңғы саусағын көрсеткен және әуесқой бокстағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети