Италиялық OASport.it порталы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын Геннадий Головкинның ізбасары деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Италиялық OASport.it порталы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын Геннадий Головкинның ізбасары деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
29 қазанда Алматыда өткен бокс кешінде Әлімханұлы кәсіпқой бокста шаршы алаңға бірінші рет шығып, колумбиялық Мильтон Нуньесті жеңген еді. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды, бұл раундта қазақстандық өз қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірген.
"23 жасына дейін әуесқойлар арасында әлем және Азия чемпионы титулын жеңіп алған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының дебютін ату керек. Ол отандасы Геннадий Головкинның ізбасары және болашағынан үміт күттіретін боксы, колумбиялық тәжірибелі боксшы Милтон Нуньесті жеңді. Бір қызығы, Головкин де оңтүстік америкалықты 2010 жылы WBA титулы үшін таласқанда жеңген еді", - деп жазады OASport.it.
Айта кетейік, ал осыған дейін Әлімханұлы Головкинмен салыстырмауды өтінген еді. "Ол маған қатты әсер берген жоқ. Әр боксшының өз мәнері бар. Әр боксының ерекшелігі бар. Мен одан асып түсе аламын. Мен Головкин жайлы ойламаймын. Бокста оның өз жолы бар, менің өз жолым бар. Ол менің жерлесім болғанына өзімді бақытты сезінемін", - деп мәлімдеген еді Әлімханұлы.