22 қазан 2017 | 09:41

Жақиянов Барнеттен жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Иконка комментария блок соц сети

SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жеңіл салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғай алмады. Белфастта өткен бокс кешінде отандасымыз Райан Барнеттен төрешілер шешімі бойынша жеңілді. Есеп: 118-110, 119-109 және 116-112.

Жақиянов жекпе-жекті ширақ бастады. Төртінші раундтан бастап Райанның да басымдығы байқала бастады. Боксшылар жақын қашықтықта жұдырықтасып, соққы алмасумен болды. Қайсыбіріне басымдық беру оңай көрінбеді. Соңғы раундтар да тартысты өтіп, екеуі де жеңілгенін мойындаған жоқ. Дегенмен төрешілер шешімі бойынша шаршы алаң иесі жеңімпаз атанды.  

Жанат Жақиянов пен Райан Барнетт чемпиондық атақтарын алғаш рет қорғады. Өкінішке қарай, отандасымыз спорттық мансабында екінші рет жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды.

Айта кетейік, Жанат Жақиянов WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпиондық атағын ақпан айында америкалық Роуши Уорренді жеңіп иеленген еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети