Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жақсыбеков Головкинге Астанада кездесу ұйымдастыруды ұсынды

20 Қараша 2014, 14:24
0
©Astana.gov.kz
©Astana.gov.kz

Астананың әкімі Әділбек Жақсыбеков Геннадий Головкинге астанада кездесу өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

20 қарашада Астана әкімі танымал боксшы Геннадий Головкинмен кездесті. Қала басшысы Геннадий Головкиннің әлемдік аренада жеңіске жетуі арқылы шетелдерде ел мен астананың абыройын асқақтатып жүргенін айтты. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болғанын жеткізді.

Әділбек Жақсыбеков Геннадий Головкинге кездесуін Астанада өткізуді ұсынды. "Ең керемет әсер алдық. Келесі жылы Астанада кездесу өткізу мәселесін талқыладық. Қолдау болады деген үміттемін және бұл қалалықтарға үлкен сыйлық болады деп ойлаймын. Астананамыздың дамып келе жатқанын тағы да бір рет келіп көргеніме қуаныштымын", - деді Геннадий Головкин.

Астана әкімі Головкинді футболдан Қазақстан Республикасы кубогының финалын тамашалауға шақырды. Айта кетейік, финал 22 қарашада "Астана Аренада" болады. 

Еске сала кетейік, BA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық титулдарының иегері Геннадий Головкиннің 22 қарашада Астана қаласында жанкүйерлерімен кездесу өткізетіні туралы хабарланған болатын.  Геннадий Головкин өз жанкүйерлерімен 11.00-де Назарбаев Университетінде кездеседі, сонымен қатар 10.00-де Назарбаев университетінде оның ағасы және бапкері Максим мен менеджері Олег Германның баспасөз мәслихаты өтеді.  

Геннадий Головкиннің Алматы мен Астанадағы жанкүйерлерімен кездесу жоспары қазанның соңында белгілі болды. "Мен қазақстандықтардың қолдауын қатты бағалаймын. Мұнда менің ең басты жанкүйерлерім бар, енді олармен кездесетініме қуаныштымын", - деді ол.

Геннадий Головкин 18 қазан күні АҚШ-та (орта салмақта WBA (Super) және IBO бойынша) өз атағын абыроймен қорғады. Ол жекпе-жектің екінші кезеңінде мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсіріп, WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион белбеуін иеленді. Головкин келесі жекпе-жегін 2015 жылы 21 ақпанда Монакода өткізеді деп күтілуде. Оның қарсыласы орта салмақтағы чемпиондықтан бұрынғы үміткер британдық Мартин Мюреей болмақ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай