Жанат Жақияновқа Петропавл қаласынан үш бөлмелі пәтер берілді

17 Ақпан 2017, 11:20
0
Жанат Жақияновқа Петропавл қаласынан үш бөлмелі пәтер берілді - © SPUTNIK / ЕЛЕНА БЕРЕЖНАЯ
© SPUTNIK / ЕЛЕНА БЕРЕЖНАЯ

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чепионы қазақстандық Жанат Жақияновқа (27-1, 18 КО) Петропавл қаласынан үш бөлмелі пәтер берілді, - деп хабарлайды Sputniknews.kz

Жаңа пәтердің кілтін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов табыс етті. Әкім боксшыны титулды жеңуімен құттықтады. Өңірдегі әкімдіктің ресми сайтында Жақияновқа қаржылай сыйақы берілгені де жазылған, алайда оның қанша сома екені нақтыланбаған. 

33 жастағы Жақиянов Петропавл қаласында туған және сол жақта тұрады. Бұл қалада оның отбасы тұрады - анасы, жары, тоғыз айлық баласы Ердос және екіге толмаған қызы Нұрай. Уақытының көп бөлігін Жақиянов Ұлыбританияда өткізеді. Оны бұрынғы әйгілі боксшы Рикки Хаттон жаттықтырады. Жанат Жақиянов Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне өзінің былғары қолғабын сыйға тартты.

"Кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов белбеуі саны жағынан тек Геннадий Головкинке жол беріп тұр. Ол тағы бір қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің көрсеткішін басып озды. Сонымен қатар, кәсіби бокс шаршы алаңындағы біздің жерлесіміздің жеңісі үздіктер қатарына кіруіне мүмкіндік берді", - деді Сұлтанов.

Еске сала кетейік, 11 ақпанда Жанат Жақиянов америкалықтың белбеуін тартып алған болатын. Американың Толедо қаласында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен әлем чемпионы титулы үшін таласқан болатын. 12 раундтан тұрған кездесу қазақстандықтардың жеңісімен аяқталған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай