02 наурыз 2019 18:08

Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуірде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы. © Top Rank

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 12 сәуірде АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Staples Center аренасында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 12 сәуірде АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Staples Center аренасында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кештің басты кездесуінде жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) ұлыбританиялық Энтони Кроллмен (34-6-3, 13 КО) жұдырықтасатын болады. 

Реклама
Реклама

BoxRec мәліметінше, сегіз раундтық кездесуде Әлімханұлының қарсыласы мексикалық 27 жастағы Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) болады. 2018 жылы қыркүйекте Оливас АҚШ-та бірінші рет жұдырықтасты. Осыған дейінгі екі кездесуінде жеңілген. Бірақ мексикалық боксшы спорттық мансабында бірде-бір рет мерзімінен бұрын жеңіліп көрмеген. 

25 жастағы Әлімханұлы АҚШ-та 2018 жылдың қыркүйегінен бері үш жекпе-жек өткізіп үлгерді. Ол барлығында да жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегінде (2 ақпанда) ол америкалық Стивен Мартинесті (18-5, 13 КО) нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Ломаченко Top Rank компаниясы мен Эгис Климас есімді менеджермен жұмыс істейді.

Уалихан Қосанбай

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram