НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды АҚШ-та жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды АҚШ-та жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың кездесуі Лос-Анджелестегі Banc of California стадионындағы бокс кешінде өтті. Бұл кештің басты кездесуінде мексикалық Эмануэль Наваррете мен америкалық Франсиско Де Вака екінші аса жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады. 

Әлімханұлы - МакЛеллан кездесуі 10 раундқа есептелген. Екінші айналымда қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Бесінші раундта канадалық тағы бір рет есінен танды, алайда орнынан тұрып кездесуді  жалғастырды. Әлімханұлы ауыр соққыларын дарытып, мерзімінен бұрын аяқтауға тырысты, рефериде кездесуді тоқтатты. 

Осы жеңістің арқасында Әлімханұлы бірінші рет екінші деңгейлі WBO Global және өңірлік WBC Continental Americas белбеулерін сәтті қорғады. Ол сәуірде мексикалық Кристиан Оливасты жеңіп, чемпиондық титулдарын тартып алған еді. 

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегіне қаза тапқан ресейлік боксшы Максим Дадашевтің құрметіне деп, киіміне оның суретін тіктіріп шығады.

"Жекпе-жекте киетін шортыға @dadashev__m бауырымыздың суретін тіктірттік. Жақсы адамдарды ұмытпаймыз. Бір бапкерде жаттықтық, екеуміз бір промоутерде, бір менеджерде болдық. Арамыздан кетсе де жүректе қалады! Иманды болсын!" - дап жазған боксшы.

26 жастағы Әлімханұлы үшін бұл жетінші кездесудегі жетінші жеңіс (үшінші нокаут), ал 32 жастағы МакЛеллан осымен шаршы алаңда төртінші рет жеңілді. Сондай-ақ, оның есебінде 27 жеңіс және үш рет тең түскені бар. Қазақстандық боксшы АҚШ-та бесінші рет өнер көрсетті, ал канадалық болса, бұл елде бірінші рет өнер көрсетті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TEAM JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly_team)

Сонымен қатар, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) АҚШ-та міндетті түрде салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қазақстандықтың салмағы 72,12 келіні көрсетті, оның қарсыласы - 32 жастағы канадалық Стюарт МакЛеллан (27-3-3, 11 КО) де сондай салмақта болып шықты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer