14 қыркүйек 2020 12:42

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан және қайда өткізетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәнібек Әлімханұлы. © David Spagnolo Жәнібек Әлімханұлы. © David Spagnolo

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, 27 жастағы қазақ боксшысы 9 қазанда Лас-Вегастағы The Bubble аренасында Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығатын болады. Қарсыласы әзірге белігісіз.

Ал бұл шоудың басты жекпе-жегінде Эмануэль Наваррете (31-1, 27 КО) мен Рубен Вилье (18-0, 5 КО) WBC титулы үшін жұдырықтасады. 

Спорт порталының мәліметінше, Жәнібек былтыр қарашадан бері жекпе-жек өткізбеді, оның да жоспарын пандемия бұзған еді. Жақында боксшы чемпиондық титул үшін жоғары салмаққа өтуге дайын екенін айтқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети