02 қазан 2021 16:16

Жәнібек Әлімханұлының 21 нокауты бар бұрынғы чемпионмен айқасының постері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/qazaqstyle Фото: twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KO) 5 қарашада Лас-Вегаста рингке шығады. Осыған байланысты Жәнібек өзінің Instagram парақшасында осы айқастың ресми постерін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл күні қазақ боксшы орта дивизионда WBA және WBO чемпионы болған 37 жастағы Хассан Н'Дама Н'Жикамамен (38-5, 21 KO) жұдырықтасады.

Бұған дейін Әлімханұлының кездесуі 5 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетіні хабарланған болатын. Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы Микаэла Майер мен IBF белбеуінің иегері Майва Хамадуш кездесетін Top Rank бокс кешіне қатысады деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети