01 қазан 2021 09:44

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhan Сурет: instagram.com/janibek_alimkhan

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

BoxingScene.com сайты мәліметінше, Әлімханұлы орта дивизионда WBA және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы 37 жастағы Хасан Н'Дама Н'Джикамға қарсы шығады.

Бұған дейін Әлімханұлының кездесуі 5 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетіні хабарланған болатын. Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы Микаэла Майер мен IBF белбеуінің иегері Майва Хамадуш кездесетін Top Rank бокс кешіне қатысады деп жоспарланған.

Еске салайық, Әлімханұлының кейінгі жекпе-жегі маусымда Лас-Вегаста өтті, ол АҚШ-тың бұрынғы чемпионы Роб Брантты жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети