Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жанкүйерлер Геннадий Головкиннің ең мықты нокаутын таңдады

03 Қараша 2014, 19:09
0
Геннадий Головкиннің  Нобухиро Ишидамен жекпе-жегі. ©REUTERS
Геннадий Головкиннің Нобухиро Ишидамен жекпе-жегі. ©REUTERS

Vesti.kz порталының оқырмандары WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ең мықты нокаутын таңдады. Рейтингке Геннадий Головкиннің соңғы екі жылдағы нокауттары қатысты. 

Дауыс беру қортындысы бойынша қазақстандықтың жапон боксшысы Нобухиро Ишиданы нокаутқа түсіруі 36 пайыз дауыс жинап үздік болып танылды. Мэттью Маклинмен болған жекпе-жектегі нокаутқа портал оқырмандарының 19 пайызы дауыс берген. Сонымен қатар, алдыңғы үштікке Головкиннің Марко Антонио Рубионы естен таңдырған айқасы ілікті.

Бұған дейін америкалық атақты төреші Джо Кортес Головкин – бокстың жарық жұлдызы деген пікірін айтқан болатын. Оның ойынша Головкин ағайынды Кличколардан асып түседі.

Сондай-ақ, төреші қазақстандықтың ең мықты боксшы екенін, бірақ ол қазірше америкалық жанкүйерлер арасында жете мойындалмай отырғанын жеткізді. Кортестің ойынша Головкиннің жекпе-жектері өте тартымды және таяу уақытты ол бокс әлеміндегі ең мықтылардың бірі болады.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин өзінің 18 қазанда Карсонның (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center аренасында өткізген кездесуінде мексикалық боксшы Марко Антонио Рубионы нокаутқа жіберген болатын. Ендігі кездесуін Головкин келесі жылы Монокода 21 ақпанда британдық Мартин Мюррейге қарсы өткізетін болады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай