Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жанкүйерлердің Мейвезерді Головкинмен кездесуге мәжбүрлеуі ақылға қонбайды - Ише Смит

12 Тамыз 2015, 13:42
0
© Вoxing.ru
© Вoxing.ru

Бірінші орта салмақта бұрынғы чемпион америкалық Ише Смит (26-7, 12 КО) жанкүйерлердің кіші Мейвезерді Геннадий Головкинмен кездесуге мәжбүрлеуін ақылға қонымсыз деді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

"Мейвезер бәрімен қатарынан жекпе-жек өткізіп шықты. Енді отырып алып оған "GGG-мен төбелес" деу ақылға қонымсыз. Менің ойымша, жанкүйерлер оны рингтен кетпей сыйламайды", - деді Ише Смит Fighthype.com басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Смиттің промоутері Mayweather Promotions компаниясы америкалық боксшының Головкинмен кездескісі келетінін хабарлады. Ише Смиттің жекпе-жек өткізгісі келетін қарсыластарының қатарында WBC чмпионы Мигель Котто да бар.

Бұған дейін Головкин Мейвезермен кездесу үшін салмақ тастауға да келісетінін хабарлаған болатын. Дегенмен Флойд Мейвезердің әкесі ұлының қазақстандық боксымен кездеспейтінін, жекпе-жек өткен жағдайда да Флойдтың Геннадийді жеңетінін мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай