18 сәуір 2014 | 10:38

Жастарымыздың ерен жеңістері мен жалғыз-жарым жеңілістері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте - Темірлан Қабиев. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Суретте - Темірлан Қабиев. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір жас боксшымыз жеңіліске ұшырады. Бірақ үшеуі жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір жас боксшымыз жеңіліске ұшырады. Бірақ үшеуі жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Соңғы екі тәулікте күніне бір боксшымыз ұтылып қалып, жеңілістің кермек дәмін біз де тата бастадық. Бірақ жеңілгендерінен жеңгендері анағұрлым көбірек. Мысалы, кеше түнде шаршы алаңға төрт талантымыз шығып, үшеуі жеңіске жетті.

Қыздар арасындағы 51 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Алуа Балқыбекова Молдова аруы Екатерина Карптан үстем түсті. Есеп – 3:0. Осы ретте айта кетейік, былтыр жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Алуаны AIBA мамандары алтыннан үмітті таланттар қатарына қосып отыр.

Бұдан кейін шаршы алаңға шыққан Оразхан Ергеш (52 келі) Тайпэй тарланынан ұтылып қалды. Төрешілер шешімі екі айырылыпты, бірақ По-Вей Ту жеңіске жеткен – 1:2.

AIBA-ның ресми сайты "Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Ғалымжан Кенжебеков үшін осы салмақта кімге сенім арту керек екендігі оңай болған жоқ. Ақыры ол ақпан айында жастар арасында ел чемпионы болған Оразхан Ергешке тоқталды", – деп жазады.

Обалы нешік, Оразхан аянбай айқасты-ақ. Бірінші айналымда Италия боксшысын жеңген. Бірақ екінші айналымда Тайпэй боксшысына есе жіберіп алды.

Ең ауыр салмақтағы, яғни 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынаған Елдос Қадырбаев тәжік Далерджон Сулеймановты 3:0 есебімен ұтып, жігіттерге рух берді.

Ал кеше түнде біздің боксшылардың ішінде рингке ең соңынан көтеріліп, әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізген Темірлан Қабиев отандастарымызды одан әрмен қуанты. Ол 91 келі салмақ дәрежесінде айқасып, Алжир алыбы Юсуф Бузидті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Жалпы, Болгарияның бас қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ боксшылары мамандарды сүйсіндіріп, тамаша өнер көрсетуде. Жас таланттарымыз тек осы қарқындарынан таймай, еліміздің абыройын асқақтата берсін дейміз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети