Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Жас боксшыларымыз әлі жеңілген жоқ 17 сәуір 2014, 12:05

Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында, бүгінге дейін шаршы алаңға шыққан бес жігітіміздің бесеуі де жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Суретте - Аян Қалибеков. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Суретте - Аян Қалибеков. Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында, тіліміз тасқа тисін, жігіттеріміз жеңіліс дегеннің не екенін әлі білер емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірақ қыздарымыздың жолы болмады. Кеше түнде тағы да үш боксшымыз шаршы алаңға шыққан болатын. Әуелі 60 келідегі Назым Ищанова Польша қызы Жустина Валаспен кездесіп, 1:2 есебімен есе жіберіп алды.

Шаршы алаңға бірінші болып шыққан былғары қолғапты қызымыздың есесін жігіттер қайтарды. 69 келіде ел намысын қорғаған Рахат Маржықпаев Корея боксшысы Жинхун Парктен 2:1 есебімен басым түсті.

Ал оладан кейін рингке көтерілген 64 келі салмақ дәрежесіндегі Аян Қалибеков Ирландия боксшысы Уэйн Келлиге 3:0 есебімен басымдық танытты.

Сөйтіп бүгінге дейін шаршы алаңға шығып, алғашқы жекпе-жектерін өткізген бес жігітіміздің бесеуі де жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Өкінішке қарай, Назым қарындасымыз қыздарымызға жол ашып бере алмады. Десек те, қалған екі салмақтағы қыздарымызға үміт артамыз.

Бүгін түнде тағы да бірнеше боксшымыз бақтарын сынайды. Кейбіреуі Болгария жеріндегі әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жектерін өткізбек. Бәрін де сәттілік пен жеңіс тілейміз.

51 келі: Алуа Балқыбекова – Екатерина Карп (Молдова)
52 келі: Оразхан Ергеш – По-Вей Ту (Тайпей)
+91 келі: Елдос Қадырбаев– Далерджон Сулейманов (Тәжікстан)
91 келі: Темірлан Қабиев – Юсуф Бузид (Алжир)

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram