26 шілде 2016 14:08

Желіде Головкин - Брук жекпе-жегінің жаңа промо-ролигі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет vk.com "Геннадий GGG Головкин" тобынан сурет vk.com "Геннадий GGG Головкин" тобынан

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен екінші жартылай орта салмақтағы IBF сериясы бойынша чемпион ағылшын Келл Брук жекпе-жегіне Желіде жаңа промо-ролик пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен екінші жартылай орта салмақтағы IBF сериясы бойынша чемпион ағылшын Келл Брук жекпе-жегіне Желіде жаңа промо-ролик пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың кездесуі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында орта салмақта (160 фунт) өтеді. Екі боксшы да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. 34 жастағы Головкин 35 рет жеңіске жеткен, оның 32-сі уақытынан бұрын аяқталған. 30 жастағы Брук 36 рет жеңіске жетіп оның 25-ін нокаутпен аяқтаған.

Осыған дейін, Головкин WBA комитетінен ресми түрде қыркүйекте Келл Брукпен кездесу үшін рұқсат сұраған. WBA бұл мәліметті растап отыр. "Басында бұл кездесуге Комитет шынайы жекпе-жек деуге рұқсат бермеген. Себебі қарапайым - Брук ешуақытта орта салмақта жұдырықтаспаған. Ұйымдастырудың мақсаты - жекпе-жекке қатысушылардың денсаулығына қауіпсіз болу. WBA GGG мен ағылшындықтың кездесуіне қарсы емес. Бірақ ереже бойынша ресми түрде жекпе-жектің өтуіне сұраныс жасау керек. Головкин кезекті рет жекпе-жектің санкциялануына сұраныс жіберді. Чемпион және ірнеше белбеудің иегері ретінде ол осылай жасауға құқылы. Қазіргі кезде комитет оның сұранысын қарастыруда", - деді WBA басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети